«Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК кітапханасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Несібелі Рахметтің 70 жылдық мерейтойына арналған әдеби-шығармашылық іс-шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты – студенттерді Несібелі Рахметтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оқуға қызығушылығын арттыру және оқыған материалды шығармашылық тұрғыдан түсіндіру дағдыларын дамыту.
Сабақ барысында білім алушылар ең алдымен Несібелі Рахметтің автобиографиясымен танысты, кейін QR-кодтар арқылы берілген тапсырмаларды орындап, алған білімдерін интерактивті форматта бекітті. Шығармашылық кезеңде топтар өмірбаяны мен шығармашылығына қатысты негізгі деректерді қамтитын креативті плакат-конспект дайындап, оны қорғады. Осылайша білім алушылар іс-шараның нәтижелерін және өз әсерлерін жинақтап, рефлексия жасады.
